Біз туралы

Жиі қойылатын сұрақтар (F.A.Q.)

Веб-сайттағы курстар қалай жұмыс істейді?

Біздің курстар «видеокітап» форматында ұсынылады. Әр курс бейне және мәтіндік материалдарды қамтиды, оларды кез келген уақытта қарап, оқи аласыз.

"Master of Kamyr" рецепт жинағының мазмұны қандай?

Әр рецептте (қамыр жасау курсы үшін):
• Негізгі ингредиенттер және олардың дәл өлшемдер мен пропорциялары
• Видео
• Кезең-кезеңімен жазылған нұсқаулықтар
• Көрнекі суреттер кіреді.

Курстар ақылы ма?

Иә, біздің курстар ақылы. Әр курстың бағасы сайтта көрсетілген.

Төлемді қалай жасауға болады?

Төлемді мына сілтеме арқылы жасай аласыз: Төлем жасау.

Ақша қайтару мүмкін бе?

Жалпы, төлем қайтарылмайды. Бірақ ерекше жағдайларда әкімшілік қарастырып, шешім қабылдауы мүмкін.

Курстарды қанша уақытқа дейін пайдалана аламын?

Курсқа қол жеткізу уақыты әр курс сипаттамасында көрсетіледі. Кейбір курстарға шектеусіз қол жеткізу мүмкін.

Бір аккаунтты бірнеше адам қолдана ала ма?

Жоқ, әрбір аккаунт жеке қолдану үшін жасалған. Бір аккаунтты бірнеше адамның пайдалануы жүйеден автоматты түрде бұғатталуына әкелуі мүмкін.

Курсты телефоннан қарай аламын ба?

Иә, сайт мобильді құрылғыларға бейімделген, сондықтан курстарды телефоннан, планшеттен және компьютерден қарауға болады.

Жеке сабақтар немесе кеңес беру қызметі бар ма?

Қазіргі уақытта жоқ, бірақ болашақта қосылуы мүмкін.

Тіркелу міндетті ме?

Иә, курстарды толық пайдалану үшін тіркелу қажет.

Тіркелу тегін бе?

Иә, тіркелу тегін. Тек курстарға қол жеткізу үшін төлем жасау қажет.

Қосымша сұрақтарым болса, қайда жаза аламын?

Кез келген сұрақтарыңыз болса, бізге [email protected] электронды поштасына жазыңыз.

"Master of Kamyr" рецепт жинағының құны қанша және қалай сатып алуға болады?

Рецепт жинағының бағасы 2990 теңге. Оны мына сілтеме арқылы сатып ала аласыз: Төлем жасау. Төлем жасалғаннан кейін чекіңізді төмендегі WhatsApp нөміріне жіберіңіз: 📩 WhatsApp-қа жіберу

Курстарды қандай броузерде қолдана аламын?

Біздің курстарды келесі браузерлерде қолдануға болады: Google Chrome (ұсынылады), Mozilla Firefox,Microsoft Edge,Safari (iPhone, MacBook),Opera.
Ескерту: Кейбір ескі браузерлерде немесе жаңартылмаған нұсқаларда видеолар мен сайттың толық функционалы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Сондықтан браузеріңізді соңғы нұсқаға жаңартуды ұсынамыз.